ӘЧ. Күғ қорытындысы. 22 мамыр

23 mamyr

Латвияда өтіп жатқан элиталық дивизиондағы Әлем чемпионатының екінші ойын күнін қорытындылаймыз.

Дания құрамасы өз тарихында алғаш рет Швеция командасын жеңіп кетті. Кездесудің басты қаһарманы даниялықтардың форварды чемпионаттағы алғашқы хет-трикті салған Никлас Йенсен болды.

Германия норвегиялық қарсыластарын еш қиындықсыз жеңді. Бұл – Тони Содерхольмның ұжымы үшін қатарынан екінші жеңіс.

Ресейліктер де турнир басында алты балл иеленді. Бұл жолы Валерий Брагиннің ойыншылары ұлыбританиялық команданы еш қиындықсыз жеңіп кетті.

Соңғы әлем чемпионатының жеңімпаздары – Финляндия АҚШ-қа қарсы ойындағы жеңіспен бастады. Бір қызығы, «Суоми» құрамынан салынған шайбалардың авторлары «Барыстың» экс-ойыншылары Атте Охтамаа мен Ииро Пакаринен болды.

Швейцария чемпионатты Чехия құрамасына қарсы ойындағы сенімді жеңіспен бастады. Қарсыласты Тимо Майер мен Грегори Хофманн екі реттен састырды.

Қазақстан құрамасы топ-дивизионда соңғы бес жылдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Юрий Михайлистің ойыншылары буллиттер бойынша турнир иелерін жеңді.

А тобы

Дания – Швеция 4:3

Ұлыбритания – Ресей 1:7

Чехия – Швейцария 2:5

В тобы

Норвегия – Германия 1:5

Финляндия – АҚШ 2:1

Латвия – Қазақстан 2:3 Б

Фото – IIHF ресми сайты