​Қазақстан құрамасы қатысатын әлем чемпионаттарының өту күндері белгілі болды

6 maýsym

Ригадағы 2021 жылғы әлем чемпионаты кезінде өткен шайбалы хоккейден халықаралық федерациясының конгресінде алдағы әлем чемпионаттарын қабылдайтын елдердің тізімі жарияланды.

Қазақстан құрамасы Финляндиямен ойнайды, топ-дивизиондағы әлем чемпионаты 2022 жылдың 13 және 19 мамыры аралығында Тампере және Хельсинки қалаларында өтеді.

Ұлттық команданың 20 жасқа дейінгі жастар құрамы бірінші дивизионның А тобында өнер көрсетеді. Турнир 2021 жылдың 12 және 28 желтоқсаны аралығында даниялық Херсхольмде өтеді. Элиталық дивизионға шығу құқығы үшін біздің хоккейшілер Латвиямен, Венгриямен, Беларусьпен, Норвегиямен және Даниямен тартысады.
Словакия 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер чемпионатын бірінші дивизионның А тобында қабылдайды. Біріншілікке Қазақстан, Словакия, Дания, Норвегия, Франция және Жапония құрамалары қатысады. Топ-дивизионға бір ғана команда жолдама алады. Турнир 2022 жылдың 11 және 17 сәуірі аралығында Спишска-Нова-Вес қаласында өтеді.
Қазақстанның әйелдер құрамасы польшалық Катовицеде ойнайды. Бірінші дивизионның В тобындағы біріншілік 8 және 14 сәуір аралығында өтеді. А тобынан шығу үшін біздің хоккейшілер Италия, Оңтүстік Корея, Польша, ҚХР және Словениямен тартысқа түседі.