​Қазақстан құрамасының ӘЧ-2022-дегі қарсыластары белгілі болды

8 maýsym

Халықаралық хоккей федерациясы хоккейден ерлер құрамаларының әлемдік рейтингісін шығарды.

Қазақстан Ригада өткен әлем чемпионатындағы ойынының қорытындысы бойынша 13-ші қатарға жайғасып, үш саты жоғары көтерілді.

Рейтингке сай, сондай-ақ ӘЧ-2022 ұйымдастырушыларының қалауымен командалар топтарға бөлінді. Біздің құрама Хельсинкиде А тобында өнер көрсетеді. Қарсыластары: Канада, Ресей, Германия, Швейцария, Словакия, Дания және Италия.
Тампердегі В тобында Финляндия, АҚШ, Чехия, Швеция, Латвия, Норвегия, Беларусь пен Ұлыбритания ойнайды.
Толығырақ IIHF.COM-да.
Фото: Ольга Бугаева